Мектептің 2011-2012 оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмысының қорытындысы
         Мектеп 2011-2012 оқу жылын 51 сынып жиынтығындағы 920 оқушымен бастаған болатын. Қазіргі МАД мен ШО - ны қоса алғанда мектебімізде 1010 бала оқып, тәрбиеленуде. Төртінші тоқсанның қорытындысында 1-11 сыныптарда 918 оқушы білім алды. Олардың 96-сы үздік, 408-і екпінді болып, мектеп 54,9 пайыз білім сапасына қол жеткізді. Бұл көрсеткіш өткен оқу жылындағы осы куезеңмен салыстырғанда 2,1 пайызға жоғары. Мектептің гимназия сыныптарында 168 оқушы білім алып, олардың 146-сы үздіктер мен екпінділер қатарында болып, білім сапасы 86,9 пайызға жетті. Сонымен қатар мектеп жанындағы интернатта 52 оқушы тәрбиеленуде. Жатақхана тәрбиеленушілері арасынан 11 оқушы екпінді атанып, білім сапасы 21,2 пайыз болды. 2 оқушы "Үздік аттестаттан" (Айдана Байболатова мен Айсана Саматқызы), 1 оқушы "Ерекше куәліктен" (Еркеназ Өтемісова) үміткерлер қатарында. Келесі оқу жылына 1 оқушы (Ғизатолла Ренат) "Алтын белгіден" 11 оқушы "Ерекше куәліктен" үміткерлер сапында болды. мектеп бойынша бңлім сапасы көтерілгенмен әлі де болса негізгі пәндерден тек қана үшке оқып отырған оқушылар жеткілікті. 1-11 сыныптар бойынша 70-ке жуық оқушы негізгі пәндерден 3-ке шығып отыр.