І бөлім
Мектеп әкімшілігі арасындағы міндеттерді бөлісу мен тағайындау
1. Мектеп директоры Т.Исмагулованың міндеттері:
- Қызмет саласы бойынша мектеп жұмысын ұйымдастыру және басқару;
- Кадр мәселесін шешу;
- Барлық мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда мектеп атынан өкілдік ету;
- Мектеп жұмысын жоспарлау, Даму стратегиясы мен тактикасын қалыптастыру жұмысын ұйымдастыру;
- Мектеп жұмысына талдау ұйымдастыру, бақылау;
- Педагогикалыө кеңес, әкімшілік мәжіліс жұмыстарына басшылық;
- Оқушы құқықтарының қорғауы мен қамтамасыз етілуіне мемлекет алдындағы жауапкершілік.
2. Мектеп директорының оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары Б.Сағынғалиеваның атқаратын жұмыс міндеттері:
- Оқу процесін ұйымдастыру, 5-11 сыныптар бойынша сабақ кестесін жасақтауға, өзгерістерге байланысты қосымша сабақ кестесін жасақтауға, сабақтың өту сапасын бақылауға, 5-11 сыныптар бойынша оқу-тәрбие үрдісін басқарып қадағалап отыруға;
- Тарифтік кестеге педагогикалық қызметкерлердің апталық жүктемесін үйлестіру, тең бөлу, әр айдың 15-нен қалдырмай мұғалімдердің еңбекке қатыс табелін жасақтауға;
- Оқу бағдарламасының орындалуына басшылық және орындалысы мен берілу жәйларын төмендегі пәндер бойынша тексеруге нәтижесін саралап, анықтама беруге (математика, физика, информатика, биология, химия, география);
- Қолданбалы курс, таңдаудан алынған пән сабақтары және оқушы компонентінен алынған пән сабақтарының талапқа сәйкес сапалы өткізілуін қадағалап, нәтижесін саралап, анықтама беруге;
- Пән мұғалімдерінің интерактивті тақтаны пайдалану деңгейін анықтауға, нәтижесіне анықтама беруге;
- "Назарбаев Интеллектуалдық мектебі" ААҚ басқару төрағасының шешімімен бекітілген онлайн сабақтар мен семинарларға мұғалімдердің қатыс деңгейін анықтауға;
- Пән мұғалімдерінің білімін жетілдіру курстарынан өту деңгейін саралап, нәтижесін есеп арқылы анықтауға;
- Жеке үйден оқыту, арнаулы сынып бағдарламаларына сәйкес үйірме сағаттарына басшылық, мұғалімдердің сабақ кестесіне сәйкес сабақ өткізуін қадағалап, нәтижесін анықтауға;
- Оқушылардың мектеп уақытындағы өмір қауіпсіздігі, пән мұғалімдерінің еңбек тәртібін сақтауын бақылауға және сақталуын талап етуге;
- Пәндік кабинеттерінің жұмыс жоспарының жасақталуын талап ету және жасақталу нәтижесін анықтауға;
- Мектеп бойынша оқушылардың күнделік ұстау деңгейін бақылап, нәтижесін анықтауға;
- Пән мұғалімдерінің жазба жұмыс дәптерлері мен жұмыс дәптерлерніңі тексерілуі мен ұсталу деңгейін бақылап, нәтижесін анықтауға;
- Мектеп бойынша тоқсандық, жылдық есеп беру, ОШ-1 оқушы қозғалысын жүргізу;
- Мектеп бойынша әдістемелік жұмыс түрлерін ұйымдастыру, пән бірлестік жетекшілеріне басшылық және жұмыс нәтижелерін анықтауға;
- Мектеп бойынша ақпараттық технологиялық құралдардың іске қосылу санын анықтауға, оқушылардың пайдалану нәтижесін шығаруға;
- Оқушылардың (5-11) жеке іс-қағаздарының толық болуын қадағалауға, сынып жетекшілерден талап етуге;
- Мұғалімдер бөлмесі мен әдістемелік кабинеттің талапқа сай жасақталу, ұсталуын қадағалау;
- Аудандық білім бөлімінен келген қатынас қағаздар мен бұйрықтарды және мектеп әкімшілігінің бұйрығын уақытынан кешіктірмей орындауға;
- Өзіңіз сабақ беретін апталық 9 сағатыңыздың күнтізбелік жоспары мен сабақ жоспарын мектеп директорына бекітуге;
- Аптасына 6 сабаққа қатынасып, сабақ қорытындысын пән мұғалімдеріне таныстырып отыруға;
- Мектеп басшыларының ашық сабақ кесесін бекітуге, уақтылы өтуін талап етуге;
- Пән бірлестіктері бойынша мұғалім портфолиосы мен бірлестік туралы презентация немесе толық мәліметтерді электронды нұсқада жинақтауға;
- Мектеп директорына өзіңіздің портфолиоңызды 10 қазанға дейін тапсыруға;
- 2012-2013 оқу жылына арналған жұмыс жобасын 20 қыркүйектен қалдырмай жасақтап бекітуге;
- Аптасына 6 сабаққа қатысып, талқылауды дағдыға айналдыруға.