“Өз тарихын сыйламаған халық, өзін де сыйламайды”                           Н.Ә.Назарбаев

Бірлестіктің құрамында 10 адам бар.

Жоғары санатты – 3 мұғалім                                               

Бірінші санатты – 2 мұғалім

Екінші санатты - 4 мұғалім

Жас маман – 1

Бірлестік жетекшісі: Молдағалиева Лиза Хамидоллақызы

                (екінші санатты)

 

Мектебіміздегі ірі бірлестіктердің бірі – тарих, география, құқық пәндері бірлестігі.

            Аудандық тарих пәні мұғалімдерінің “Қоғамдық білім негіздерінен үздік сабақ” конкурсына бірлестік мүшесі А. Сағынғали қатынасып, 10 б сыныбына “Ғылым этикасы” тақырыбында сабақ өткізіп, “үздік” деп танылып, І орын алып, осы аталған облыстық сайысқа қатысып, жүлделіІ орын иеленіп, өзінің ізденісін, шығармашылық шеберлігін танытты.

            Оқушы білімнің көрсеткіші ретінде пәндік олимпиаданы айтуға болады. Олимпиаданың ІІ кезеңіне (аудандық турына) қазақстан тарихы, құқық, география пәндері бойынша 12 оқушы қатысып, 9 оқушы орын алды. Пән мұғалімі мен оқушының бірлескен дайындығының нәтижесінде олимпиаданың ІІІ кезеңіне (облыстық) құқық пәнінен қатысқан екі оқушы Е. Ажығұлов (10 в сынып) - ІІорын, Қарасай Айберген (9 г сынып) - ІІІ орынмен марапатталды.

            Ғылыми жоба жұмысы – оқушы шығармашылығын дамытудың бір жолы. Ғылыми жұмыс оқушының ізденісін дамытып, білім-ғылымға жетелейді, жетістікке жеткізеді. 11 а  сынып оқушысы Э. Әзіржанова тарих бағыты бойынша “Д. А. Қонаевтың адамгершілік қасиеттерінің тағылымы” тақырыбындағы жоба жұмысымен аудан, облыстан І орын алып, Республикаға ұсынылды. Қонаев сынды биік тұлғаның парасатты бейнесін ашуда бағыт-бағдар берген жетекшісі ретінде бірлестік мүшесі Ғ. Ахметжановтың еңбегі өте зор.  Э. Әзіржанованың аудан айнасы “Нарын таңы” газетінде жарияланған “Биік тұлғаның парасатты бейнесі” тақырыбындағы мақаласы оқушының ізденісін көрсетеді.