Көшбасшылық  арқылы өзгерістерге қол жеткізу

 

           Ж. Мырзағалиев орта мектебінде  бірінші деңгей мұғалімдері Ермұханова Р, Шаманаева З, Сағынғалиева Б  ұйымдастыруымен өз  мектептерінде іс- тәжірибеден өтуші облыс мектеп басшылары  мен облыс көшбасшыларының басын қосқан   «Ынтымақтастық арқылы көшбасшы әлеуетін дамыту» тақырыбындағы педагогикалық керуен өтті. Педагогикалық керуеннің мақсаты-  бүкіл мектеп шеңберінде өзгеріс жүргізу үшін қажетті білік пен дағдыларды қалыптастыратын оқытуды басқару және көшбасшылық туралы ой қозғап, тәжірибе алмасу. Алғашқы болып сөз алған мектеп басшысы Табила Игібайқызы білім берудегі өзгерістер туралы мазмұнды ой-пікірін жеткізді.  Ең алдымен  квик баптауыш арқылы әріптестер арасында ынтымақтастық атмосфера қалыптастырылса, кейін «Сиқырлы қорап» тренингінде кездесіп отырған кедергілер мен қиындықтарды    бірлесе талқылап , нәтижесінде бұл мәселелер шешімін тапты. Педагогикалық керуен барысында білімнің дәрежесіне, кәсібилік деңгейіне қарамастан кім болмасын өзінің үздік нәтижесін өз бетімен үнемі ұстап тұра алмайтындығын, сондықтан мұғалімдерге әріптестерімен бірге жаңа тәсілдерді пәнге енгізу үшін коучинг пен тәлімгерлік арқылы жұмыс істеуге мүмкіндік беретін дағдылар қалыптастыру қажеттілігі жөнінде коуч  Ипекенов Б «Бірлескен оқу-өзара іс- әрекет философиясы» таныстырылымын жасады. Lesson Study мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсілі , яғни  оқу сапасын арттыру барысында   белгілі бір тәсілді қалай дамытуға болатындығын анықтау мақсатында бір топ мұғалім бірлесіп оқушылардың оқу үдерісін   зерделейді. Осы бағытта бір топ мұғалімдер «Ашық Lesson Study» арқылы жұмыстарын  жарнамаланды. Мектеп көшбасшылары Ермұханова Р оқыту мен оқудағы өзгерістер туралы SWOT талдауымен, Шаманаева З  тәрбие жұмысындағы зерттеулер жәйі, Сағынғалиева Б  «Көшбасшы» сайтымен таныстырды. Көшбасшылар алдына күрделі міндеттер қоя отырып, әріптестерін алға жылжуға, іске шығармашылықпен қарауға, қателерден үйренуге мәжбүрлейтін үдерістерді жасап шығаратын деңгейге дейін өзгертуге үлес қосты.. Сондықтан көшбасшылар   шешімдерді жоғарыдан күтпей, оған қол жеткізу керектігі  өздеріне байланысты екенін, жұмысты бағалау және жұмыстың жаңа әдістерін жасау үшін үнемі кері байланысты қамтамасыз ету, командалық жұмысты, тиімді өзара қарым-қатынасты және байланыстар желісін қолдаудан тұратындығына көз жеткізу болып табылды. Бұл мақсат күрделі болумен қатар, көп еңбек етуді талап етеді, алайда дұрыс тәсілдер қолданылған жағдайда бүкіл мектеп шеңберінде өзгеріс жүргізілуіне ықпал ете алады. Мұғалімнің көшбасшылығы жеке дамуға ғана бағытталмаған. Ынтымақтастық мұғалім көшбасшылығының «жүрегі» болып табылады, өйткені көшбасшылық ұжым болып енгізілетін өзгерістерге негізделеді. Бір ұжым болып жұмыс істеу арқылы басқа мұғалімдер қолдаған жағдайда мұғалімнің жұмысы аса тиімді болмақ.

          Мектебіміздегі мұғалімдердің ой пікірлері мен санасы олардың бастамасына қойылып, кез-келген жұмысқа, жетістіктерге жету негізі басты мақсат болады деп нық сенуге   болады.

 

                                                             

                               Исатай ауданы  Ж.Мырзағалиев орта мектебі

 

                                  Р. Ермұханова  З.Шаманаева  Б.Сағынғалиева

                                                  І деңгей мұғалімдері

 

 

    “Lesson Study” сабақтары –ағылшын тілі пәні бірлестігінде