Главная » Статьи » Мои статьи

Көшбасшылық : даму жолы, құрылымы және траекториясы

Қазіргі  әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең басты, маңызды мәселе болып отырғаны: «ХХI  ғасырда нені оқыту керек?» және де екіншісі- ол да маңызы жағынан  біріншіден еш кем емес : «Мұғалімдер оқушыларды ХХI ғасырға қалай дайындайды?» Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бірінші деңгей бағдарламасының мазмұны осы екінші мәселені шешуге бағытталған. Ж. Мырзағалиев орта мектебі көшбасшылары Ермұханова Рахима, Шаманаева Зоя, Сағынғалиева Бибігүлдің  ұйымдастырумен  көшбасшылық әлеуеттің дамуы және аудан мектептері көшбасшыларымен тәжірибе алмасу мақсатында «Көшбасшылық: даму жолы, құрылымы, траекториясы»  тақырыбында воркшоп өткізілді. Ең алдымен  аудан көшбасшыларының өз жұмыстарында кездесіп жатқан адами және кәсіптік кедергілері анықталып оны шешу жолдары нақтыланды.

«Көшбасшы» сайты ашылып барлық жұмыстар жарнамалануда. «Сыншы дос» әрекеті мектептегі әріптестерге бір- бірінің кәсіби дамуына, өздерінің жұмыстарына сын көзбен қарауға мүмкіндік берсе, оқушылардың бір- біріне сыншы дос болуы олардың   табысты оқуына оң әсерін тигізді. Мектептің оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізу бағытындағы көшбасшылық жұмыстарын  SWOT анализі бойынша талданды. Осы талдау арқылы   Ж. Мырзағалиев орта мектебінің әр мұғалімнің   көзқарасын бүгінгі күн талабына сай жаңаша түрлендіру қажеттілігі туындағанын  және жаңаша жұмыс жасау, оқу мен тәрбие үрдісін жаңаша ұйымдастыру арқылы жақсы нәтижеге жетуге болатындығын көруге болады.  Көшбасшылар алдына күрделі міндеттер қоя отырып, әріптестерін алға жылжуға, іске шығармашылықпен қарауға, қателіктер жіберіп, сол қателерден үйренуге мәжбүрлейтін үдерістерді жасап шығаратын деңгейге дейін өзгертеді. Сондықтан көшбасшылар әріптестеріне  шешімдер жоғарыдан түспей, оған қол жеткізу керектігі  өздеріне байланысты екенін, жұмысты бағалау және жұмыстың жаңа әдістерін жасау үшін үнемі кері байланысты қамтамасыз ету, командалық жұмысты, тиімді өзара қарым-қатынасты және байланыстар желісін қолдаудан тұратындығына көз жеткізу болып табылды. Бұл мақсат күрделі болумен қатар, көп еңбек етуді талап етеді, алайда дұрыс тәсілдер қолданылған жағдайда бүкіл мектеп шеңберінде өзгеріс жүргізілуіне ықпал ете алады. Мектебіміздегі мұғалімдердің ой пікірлері мен санасы олардың бастамасына қойылып, кез-келген жұмысқа, жетістіктерге жету негізі басты мақсат болады деп нық сенуге   болады.

 

Ермұханова Рахима Көшерқызы

Ж.Мырзағалиев орта мектебі

І деңгей мұғалімі

 

Категория: Мои статьи | Добавил: Inkar_Kapizolla (29.04.2014)
Просмотров: 991 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: