Главная » Статьи » Мои статьи

Оқыту мен оқудағы өзгерістер

         Соңғы жылдары қоғамдық және әлеуметтік өмірде болып жатқан елеулі өзгерістер , ғылыми- техникалық ақпараттар ағынының бұрын-соңды болып көрмеген қарқыны, басқа да саяси-әлеуметтік жағдайлар білім беру саласының алдына көптеген міндеттер қойып отыр. Сондықтан да мектептерде мектеп басшылығы мен мұғалімдер үшін ең басты мәселе оқыту мен оқу болып табылады. Мектеп басшылығы мұғалімдердің жұмысқа деген ынтасы мен мүмкіндігіне, сондай-ақ мұғалімдер жұмыс істеп, оқушылар білім алатын жағдайға, ахуалға ықпал ету арқылы мектеп нәтижелерін жақсартуда маңызды рөл атқарады.Осы мақсатта Ж.Мырзағалиев мектебінің  базасында қаңтардың 30-ы күні «Мектеп.Өзгеріс.Қоғамдастық» тақырыбында өткен педагогикалық керуеннің мақсаты: Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру курсының бағдарлама идеясымен, мектептегі тәжірибе кезеңінде жасақталған мектептің даму жоспары мектепке өзгеріс енгізу кезеңдеріне негізделгенін іс- шаралар арқылы көз жеткізу, формативті баға беру, мектептің даму жоспарымен (МДЖ)  таныстыру, аудандық  білім бөлімі мен  аудан мектептері басшылары арасында «Басқару» желілік қоғамдастығының тұсау кесер рәсімін өткізу болса, күтілетін нәтиже мектептегі МДЖ –ның нұсқаларына сәйкес жүргізілген жұмыстарымен танысады,мектептегі өзгерістерді байқап, формативті баға береді,бағдарлама идеясымен  тәжірибедегі іс-әрекеттер арқылы танысады, МДЖ-мен танысып,ой- пікірлерін айтады, жоспар жасақтау теориясын меңгереді,  «Басқару» желілік қоғамдастығы құрылады, аудандық білім бөлімі басшысы, аудандық білім бөлімінің әдіскерлері мен мектеп басшылары мүше болады.Осы шара негізінде мектеп басшылығы ықпал ететін салалар мұғалімдердің кәсіби өсуіне ықпал ету,барлық мұғалімдер үшін тәлімгерлік пен коучинг өткізу және   ұйымдастыру, мұғалімдердің кәсіби дамуын жоспарлау,   жұмыс пен бірлескен оқуды ұйымдастыру болатындығына және  мектептің даму жоспары өнімділіктің қазіргі деңгейінің талдауы, қазіргі үрдістер мен болашақ факторлар мектептерге қаншалықты әсер ететіндігіне мектептің берген бағасының негізінде жасалып және алдағы жұмысты жұмысты жетілдіру бойынша басымдық пен міндеттерді анықтайтындығына көз жеткізілді.Кері байланыс арқылы мектептегі өзгерістерді жүзеге асырудың тиімді моделі жоспарлау- оқыту- бағалау-жоспарлау, ал бағалау тың жоспарларға ,жаңаша ізденістерге жетелейді. Олай болса, болашақтың кілтін ұстайтын жас ұрпақтың бүгінгі білім қорын нығайту, білімділік деңгейін арттыру мақсатында қазіргі кезде білім беруді өрістету ісі еліміздің  даму жолындағы басты бағыттарының бірі болып қала бермек.

Сағынғалиева Бибігүл Тілекқызы

Ж.Мырзағалиев орта мектебі

І деңгей мұғалімі

 

 

Категория: Мои статьи | Добавил: Inkar_Kapizolla (29.04.2014)
Просмотров: 1471 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: